386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оксфордта Орталық Азияның болашағы талқыланды

  • 495
  • UPD: 22:14, 11.11.2018

2020 жылдан кейін Орталық Азия қай бағытта, қалай дамиды? Қазіргі бағыт-бағдары қандай? Оксфорд университетінде осы мәселелер талқыға түсті.

Академиялық қауым өкілдері, сарапшылар, дипломаттар мен студенттер іргелі саяси, экономикалық үдерістерге тоқталды.

Кездесу Оксфордтағы Жібек жолы қауымдастығының алаңында өтті. Осы қауымдастықты университет студенттері ұйымдастырған. Пікірталас «2020 жылдан кейінгі Орталық Азия» деген тақырыпта өті. Жиналғандар Орталық Азияға қатысты барлық мәселелерге, оның ішінде Қазақстанның саясаты, экономикасы, қауіпсіздігі, мәдениеті және біліміне қызығушылық білдірген.

Марчелло Фантони, Оксфордтағы Жібек жолы қауымдастығының президенті:

Бүгінгі шара әрбір ұлт үшін маңызды мәселелерді талқылауға бағытталған. Орталық Азия өзге елдер сияқты 2020 жылдарға жылжып барады. Бұл үлкен мүмкіндіктер мен өзгерістер дәуірі болмақ. Бүгінгі кеште біз климаттық өзгерістер, экономикалық әртараптандыру туралы айтып жатырмыз. Осылайша әр адамның өз пікірін еркін білдіре алатын форум ұйымдастырғымыз келді. 

Кездесуге Қазақстан және Өзбекстанның Ұлыбританиядағы елшілері Ерлан Ыдырысов пен Әлішер Шайхов қатысты. Жиналғандар Орталық Азияның ішкі және сыртқы вектордағы бүгіні мен болашағы туралы қызықтырған сауалдарын қоюға мүмкіндік алды.

Трой Стернберг, Оксфорд университетінің зерттеушісі:

– Бүгін Қазақстан мен Өзбекстанның өзара қарым-қатынас орнатып, дамып жатқандығы ерекше әсер қалдырды. Менің зерттеу тақырыбым шөлдегі үдерістер – су мәселесі және қуаңышылыққа арналған. Бүгін осы қос тақырып қозғалып, өзіме қажет ақпарат алдым.

Оксфорд университеті әлемнің ең озық және беделді оқу орындарының бірі саналады. Осы білім ордасының түлектері адамзат тірішілігінің бүкіл саласында зор жетістіктерге жеткен Бүгінгі таңда оқу орталығы қабырғасында он шақты қазақстандық білім алып жүр.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы