384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана-Алматы тас жолының жөндеу жұмыстары 2023 жылы аяқталады

  • 498
  • UPD: 21:47, 13.11.2018

Жақында ел орталығы мен оңтүстігін жалғайтын Астана-Теміртау, Алматы-Қапшағай жолдары игілікке беріледі. Бұл жолдарға заман талабына сай ақылы жүйе енгізілген. Ал келер жылы Қарағанды-Балқаш, Балқаш-Бурыл-Байтал бағыттарындағы күре жолдар жаңартыла бастайды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы осыдан 3 жыл бұрын басталды. 4 жылға бекіген жоспар ауқымды. Бағдарлама бойынша республикада 11 автожол салу көзделді. Оның жалпы ұзындығы 7 мың шақырым. Жолдың сапасы мен құрлысында  мін болмауы қажет.  Мемлекет басшысының өзі инфрақұрылымды сапалы етіп дамытуды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Автокөлік жолы, темір жол болашақ ұрпақ үшін салынып жатыр. Қазақстанның барлық жерінде тоқтамастан жол салынуда. Астанадан тарайтын сәуле сияқты жан-жаққа шығатын сапалы жол болады. Біздің кең байтақ Ұлы Даланың жерінде үлкен жолдар салынып, халыққа қажетті жаңа  жұмыс орындары ашылады. Сондықтан, бұл жолдардың сапасына  үлкен көңіл бөлу керек»

Елорданы басқа қалалармен байланыстыратын жолдардың құрылыс қарқыны жоғары. Бұған дейін еліміздің басты курорттарының бірі Щучинскіге апаратын ақылы автобан салынды. Енді жақында «қазақстандық магнитка» Теміртау кентіне де заман талабына сай ақылы жолмен жетуге болады.

Нұржан Беков, «Қазавтожол» АҚ ҰК  басқарма басшысы: 

- Бұл жобаның құны 105 миллиард теңгені құрап отыр. Астана Теміртау уческесінің құрылысы толықтай аяқталды. Ол 4 жолақтан тұрады. Қазір біз Теміртаудан Қарағандыға баратын 14 шақырымдық жолды жөндеуге кірістік. Яғни 2019 жылдың соңында Астана - Қарағанды тас жолы толықтай салынып бітеді. 

Бұл учаскенің ұзындығы 171 шақырым. Транзиттік жеңіл автокөліктер тарифқа сәйкес 1 шақырым жүріп өту үшін  1 теңге төлеу қажет. Жолға жақын орналасқан елді мекен тұрғындарына бөлек тариф бекітіледі. Олар 1 жыл ішінде 1 мың теңге төлейді.

Зейнелғабиден Сейдахметов, «Қазавтожол» АҚ ҰК бас маманы:

- Ақылы жолдан түсетін қаражат есебінен біз мұндағы барлық жоспарлы  жөндеу жұмыстарын жүргізе аламыз. Бұл жол бойында  көлік иелеріне көрсетілетін  қызметтер халықаралық стандарттарға сай болады. Қауіпсіздік мәселесін де ескердік. Мәселен, жол бойында 7 бақылау бекеті орнатылады. 

Болашақта «Қазавтожол» компаниясы тағы 13 учаскені ақылы жүйеге көшіруді жоспарлап отыр. Бұл тізімде Батыс Еуропа-Батыс Қытай, Астана-Павлодар, Астана-Қостанай бағыттары бар.

Авторлары: Дариға Ташенова, Марат Диқанбаев

Хабар 24 телеарнасы