385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда автобус жүргізушілерінің еңбекақысы 2 есеге өсті

  • 373
  • UPD: 23:17, 16.11.2018
Атырауда автобус жүргізушілерінің еңбекақысы 2 есеге өсті

Атырауда автобус жүргізушілері мен кондукторлардың еңбекақысы 2 есеге өсті.

Қазан айынан бастап жүргізушілердің айлығы 240 мың теңгені құраса, кондукторларға 80 мың теңге жалақы тағайындалды. Бұл шара, біріншіден, Елбасының кезекті жолдауында көрсетілген қызметкерлердің еңбекақысын көтеру жөніндегі тапсырмасына орай қолға алынды. Сондай-ақ орташа жалақы 300 мың теңгені құрайтын мұнайлы өңірде керекті кадрларды тұрақтандыру мақсатын көздейді. Бастысы, автобус паркіндегі айлықтың өсуі қоғамдық көліктердегі жол ақысына әсер етпейді.

Айдарбай Достанұлы, автобус паркінің директоры:

- Проезд бұрынғы күйінде қалады. Біз енді электронды билет есебінен жаңағы, біздің мекемеге түсім көбейеді деп есептеп отырмыз. Соған байлынысты ең жауапты жұмысты атқаратын жүргізушілер мен кондукторлар ғой, солардың жалақысын көтеріп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы