388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да жыл соңына дейін 827 пәтер ел игілігіне беріледі

  • 504
БҚО-да жыл соңына дейін 827 пәтер ел игілігіне беріледі ptzgovorit.ru

Батыс Қазақстан облысының өндірушілері биыл 150 миллион доллардың өнімін экспортқа жіберді.

Былтырғымен салыстырғанда, өңірдің өнеркәсіптегі көрсеткіші 26 процентке артқан. Бұл туралы аймақ басшысы Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар алаңында хабарлады. Облыста шығарылған тауардың жалпы көлемі 2 жарым триллион теңгеден асты. Саланы қолдауға бағытталған инвестиция көлемі 316 миллиард теңге шамасында. Инвесторлар тұрғын үй құрылысына да белсенді атсалысып жатыр. Өңірде кәсіпкерлер есебінен 1400 пәтер салынды. Олардың 100-і «7-20-25» бағдарламасы бойынша өз иесін тапқан. Жыл соңына дейін аймақта 827 пәтер игілікке беріледі деген жоспар бар.

Алтай Көлгінов, Батыс Қазақстан облысының әкімі:

– «Нұрлы жол» мен «Нұрлы жер» бағдарламаларын жүзеге асыру үшін 36,3 миллиард теңге бөлінді. Қазір облыста 26 көп пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. 3 мыңнан астам отбасыны баспанамен қамтамасыз етпекшіміз. Жыл соңына дейін 827 пәтер дайын болады. Ал апаттық үйлерді мемлекеттік жекеменшік әріптестік жүйесі арқылы жаңартып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы