389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ішкі туризм: әуе рейстерінің бағасы арзандауы мүмкін

  • 664
  • UPD: 18:14, 03.12.2018
Ішкі туризм: әуе рейстерінің бағасы арзандауы мүмкін Kazakh-tv.kz

Енді небәрі 4 мың теңгеге Өскеменнен Семейге ұшып баруға болады.

Ел үкіметі жаңа бағыттарды қаржыландыруға кірісті. Осының арқасында өңірлерді жалғайтын 16 бағыт ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады. Олар 11 желтоқсан күні арнайы конкурс өткізбек. Байқауға жолаушы тасымалдауға рұқсаты бар кез келген әуе компаниясы қатыса алады. Конкурсқа шығарылған бағыттардың 10-ы турзимді дамытуға арналған. Бұдан былай Алакөл, Балқаш, Бурабай сынды көрікті орындарға бару анағұрлым арзан болады. Әуе билеттерінің құны 4 мың мен 24 мың теңге аралығында.

Хабар 24 телеарнасы