389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қалмұханбет Қасымов Ақтаудағы жарылысқа қатысты пікір білдірді

  • 822
  • UPD: 17:43, 12.12.2018

Кеше түнде Ақтаудың іргесіндегі өндірістік аймақтағы темір қабылдау орнында жарылыс болып, екі адам мерт болды.

Ер азаматтардың бірі – 24, екіншісі 31 жаста. Ресми емес деректерге сүйенсек, олардың бірі темір тапсырып, екіншісі оны қабылдап алған қала тұрғындары. Сондай-ақ үш азамат шұғыл орталық ауруханаға жеткізілген. Бірақ жарылыстың неден болғаны әлі белгісіз.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі ішкі министрі:

- Жарылыс граната немесе басқа да жарылғыш құрылғыдан болуы мүмкін дегенді жоққа шығарамыз. Қазір әскери тергеушілердің көмегімен тексеріс жүргізіліп жатыр. Жарылыс ол жерге қандай да бір заттың кіргізілуінен немесе газбен жұмыс істейтін металл кесетін құрылғы металды түсіріп жатқанда қосылып кеткенінен болуы мүмкін. Сарапшылар жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы