385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бақыт Сұлтанов Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табыстады

  • 731
  • UPD: 11:02, 15.12.2018
Бақыт Сұлтанов Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекеттік наградалар табыстады

Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі жетістіктері үшін, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан  үлесі үшін қоғам белсенділерін марапаттады.          

Салтанатты кеште Бақыт Сұлтанов жиналғандарды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, еліміздің, қаламыздың дамуына, гүлденуіне елеулі үлес қосып, талмай адал қызмет етіп жүрген азаматтарға алғысын айтты.   

«Осы залда қаланың дамуына еңбегі сіңген қоғам қайраткерлері, ардагерлер, дәрігерлер мен депутаттар, бизнес өкілдері және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері отыр. Барлығымызды біріктіретін күш Астанаға, мамандығымызға, өз ісімізге деген сүйіспеншілік. Сіздердің арқаларыңызда біздің қала дамып, гүлденуде», - деді Бақыт Сұлтанов. «Мемлекеттік марапатқа ие болу ол сол адамның өз саласында биік жетістікке жетіп, өз ісіне адалдық пен еңбекқорлық және одан да биік белестерді бағындыруға құлшынысының көрінісі»,- деп жалғастырды әкім.

«Сіздерге зор денсаулық, сәттілік, амандық, тұрақтылық, өркендеу және еліміздің игілігі үшін жемісті қызмет тілеймін», - деп атап өтті Б. Сұлтанов.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметте, қаланың әлеуметтік экономикалық, мәдени саласының дамуына еңбек сіңірген азаматтар «Парасат», «Құрмет» және ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталды. Одан бөлек қала әкімі «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медалін, сондай-ақ «Құрмет» грамоталарын табыстады.

astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы