383,35 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл мектептері жаңартылған бағдарламамен білім беруге көшті

  • 495
  • UPD: 15:41, 29.12.2018
Жамбыл мектептері жаңартылған бағдарламамен білім беруге көшті

Жамбыл облысындағы білім ошақтары Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасымен білім беруге көшті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір өңірдің 1 мен 8 сынып аралығындағы оқушылар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқып жатыр. Озық іс-тәжірибені тарату мақсатында базалық алаң ретінде 40 мектеп таңдап алынған. Онда апта сайын арнайы семинар ұйымдастырылады. Осы арқылы мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, білім берудің заман талабына сай тиімді тұстарын меңгереді. 2019 жылы жаңа бағдарлама бойынша аймақта 6 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырмақ. Бұл бағытта облыстық оқу әдістемелік кабинеті мен Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі арасында өзара келісімшарт жасалған.

Айта кету керек, жаңартылған білім беру мазмұнына көшкен ұстаздардың жалақысы 30% өсіп отыр.

Әлішер Әзімбай, Төле би атындағы №8 гимназиясының директоры:

- Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі негізіндегі бірыңғай стандарттарға көшу үстіндеміз. Мынау бағалау жүйесі өзгеріп отыр. Осының барлығы бүгінгі оқушыларды жаңа өмірге жаңа дамуға көзқарастарын өзгертіп отыр. Тек шәкірттер, оқушыларымыз ғана өзгеріп жатқан жоқ. Мұғалімдеріміз де өзгеру үстінде. Мұғалімдеріміз де қазір түсініп отыр. Бәсекеге қабілетті болмаған жағдайда ол мұғалім мектепте жұмыс істей алмайтындығын.

Хабар 24 телеарнасы