429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкенттен Дубайға қатынайтын әуе рейсі ашылды

  • 1095
  • UPD: 22:29, 01.01.2019
Шымкенттен Дубайға қатынайтын әуе рейсі ашылды Need4trips

Шымкенттен Дубайға қатынайтын халықаралық әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық әкімдік таратқан хабарламаға қарағанда, Бірікке Араб Әмірліктеріне жолаушыларды «Fly Dubai» компаниясының ұшақтары тасымалдайтын болады. Әуе кемесі екі қаланың арасында 1 аптада екі рет ұшады деп күтілуде. Рейстің ұзақтығы - 3 сағатты құрайды.  Айта кетейік, бұған дейін Шымкент және Дубай қалаларының арасында тікелей ұшақ қатынасы ашылатынын хабарлаған болатын. Тікелей ұшақ рейсі аймақтық және қалалық әуе қатынастарының дамуында маңызды рөл атқарады деп жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы