384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы: Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау, мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс

  • 1349
Елбасы: Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау, мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс

Қазақстанда 14-29 аралығындағы жастардың саны 4 жарым миллионнан асады.

Биыл елімізде осы кейінгі буын өкілдеріне үлкен сенім артылып отыр. Олай дейтініміз, Елбасы 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. Үкіметке біраз тапсырма жүктеді. Айталық, биыл мемлекеттік 54 мың грантқа қосымша 20 мың грант бөлінді. Студенттерге 75 мың орындық жаңа жатақхана салу туралы міндет тағы бар. Бұл әрбір студенттің алаңсыз сапалы білім алуына жағдай жасаудың қамы деп түсінген жөн. Жастарға арналған бірнеше жоба бар: «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар – Отанға». Бұдан бөлек, ойшыл, іскер жастар: «Жұмыспен қамту – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламаларына қатыса алады.

Н.Ә.Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын.

Хабар 24 телеарнасы