419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында балалар арасында қызылша ауруы өршіп барады

  • 2746
  • UPD: 19:37, 08.01.2019
Ақмола облысында балалар арасында қызылша ауруы өршіп барады 4mama

Облыстық қоғам денсаулығын сақтау департаментінің мәліметіне сүйенсек, аймақта күн суытқалы бері 49 адам осы дертті жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал олардың жартысынан астамы Сандықтау ауданында тіркелді. «Алайда, қазір бұл ауданда жағдай тұрақты», - дейді, мамандар. Ауруды жұқтырғандардың көбі түрлі себептермен екпе алмағандар. Атап айтарлығы, олардың 22-сі жасқа толмаған сәби. Мамандар қызылша вирусты жұқпа екенін ескертеді. Сондықтан ата-аналарға баласының қызылшаға қарсы егілгенін тексеруді, аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу дәрігерге қаралуды қаперге салады.

Әсем Төлеубаева, облыстық қоғам денсаулығын сақтау департаментінің бөлім жетекшісі:

- Жалпы 49 күдіктінің ішінде бүгінгі күні 11-і ғана стационарлық ем алып жатыр. Оның бесеуі Көкшетау қаласында. Біз жалпы қарым-қатынаста болған адамдарды анықтап, олардың вакцинациясы мен иммунды статусын анықтап, 30 жасқа дейінгі 24 адам екпемен қамтылды. Сонымен қатар медициналық изоляция дейміз ғой, біз барлық қарым-қатынаста болған адамдарды шектедік.

Хабар 24 телеарнасы