411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да қар басып қалған аймақтарда жол қатынасы реттелді

  • 1172
  • UPD: 21:02, 09.01.2019
БҚО-да қар басып қалған аймақтарда жол қатынасы реттелді

Батыс Қазақстан облысындағы барлық ауылдар мен елді мекендерге баратын жолдар ашылды. Жарығы сөніп, жолдары жабылған қыстақтар да қар құрсауынан құтылған. 

Аймақта республикалық, облыстық және аудандық маңызға ие жолдардың жалпы ұзындығы 6496 шақырым. Соның ішінде облыстық маңыздағы жолдарды жөндеу және күтіп ұстаумен 10 шақты мердігер мекеме айналысады. Қазіргі таңда солардың қолындағы 70-тен астам техника қар аршу жұмыстарына жұмылдырылған. Оның сыртында аудандардағы коммуналдық кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының қолындағы арнайы техника да осы бағытта жұмыс жасауда.

Бауыржан Айтмағамбетов, облыстық ЖК және АЖ Басқармасы басшысының орынбасары:

- Қазіргі уақытта Жәнібек ауданында қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Жақсыбай ауылына жету қатынас беру мақсатында арнайы қар тазалау техникалары бүгінгі күні жұмысын атқарып, ертеңге барлық бағытта жол ашылатын болады. Дәл қазіргі уақытта облыс аумағы бойынша елді мекендердің барлығына қатынас бар. Жабық, жетуге көлік жетуге мүмкіндігі жоқ елді мекендер жоқ.

Хабар 24 телеарнасы