389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Инспектор өліміне қатысты браконьерлердің барлығы анықталды

  • 546
  • UPD: 17:24, 17.01.2019
Инспектор өліміне қатысты браконьерлердің барлығы анықталды Zakon.kz

Инспектор өліміне қатысты браконьерлер анықталды. Бұл жөнінде ІІМ Ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, кешенді тергеу нәтижесінде қылмысқа қатысты барлық тұлға анықталып, оларды ұстауға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын 5 киік атқан браконьерлермен қақтығыста ауыр жарақат алған «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторы Ерлан Нұрғалиев қайтыс болған еді. Ал бүгін Парламент Мәжілісінде тілшілерге Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин бұл істі Бас прокурор Қайрат Қожамжаров тікелей бақылауына алғанын айтты.

Андрей Лукин, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

– Бас прокурор аталған істі жеке бақылауына алды. Полиция департаменті осы ауыр қылмысты жасаған күдіктілерді анықтау бойынша жедел іздестіру шараларын жүргізуде. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі орталық аппаратының қызметкерлері жергілікті полицияға көмек көрсету үшін Қарағанды облысына аттанды. Қысқа мерзімде бұл қылмыстың беті ашылатындығына сенімдімін. Яғни күдіктілер анықталып, қамауға алынады.

Хабар 24 телеарнасы