383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда қалалық мәслихаттың кеңейтілген отырысы өтті

  • 506
  • UPD: 08:19, 17.01.2019

«Алматы Бас жоспар» институтының жаңа ғимаратында қалалық мәслихаттың кеңейтілген отырысы өтті. Жиында қалалық басқармаларды оңтайландыру ісі айтылды.

Сонымен Алматыда 12 басқарманың атауы өзгертіліп, алтауы қысқартылды. Ал қалған 9 басқарма, Ішкі саясат , Жастар саясаты, Діни істер  және Қоғамдық интеграция басқармасына біріктірілді. Нәтижесінде басшылық қызмет 13 пайызға қысқартылады. Шаһар басшысы Бауыржан Байбек қала билігінің барлық саладағы жетістіктерін айта келе алдағы уақытта атқарылатын негізгі міндеттерге тоқталды. 

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының  әкімі:

- Біз бір айдың көлемінде әр басқарманың нақты атқаратын жұмысы мен міндеттерін айқындайтын боламыз. Бұдан былай әкімшлік қызметкерлерінің жалақысы атқарылған істің нәтижесі мен белгілі бір жетістіктеріне байланысты болады.

Хабар 24 телеарнасы