376,73 428.00 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Балқашта 90 отбасы баспаналы болды

  • 258
Балқашта 90 отбасы баспаналы болды

Қарағанды облысының Балқаш қаласында 90 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың барлығы да – ұзақ жыл үй кезегін күткен мұқтаж жандар. Бесқабатты екі бірдей үйдің құрылысына «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 668 миллион теңге қаржы бөлінген. 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің әр шаршы метрі небәрі 90 мың теңге тұрады. Үйдің жертөлесіне дербес жылыту пункті қойылған. Ерекшелігі, бұл қондырғы күн жылы кезде жылуды үнемдеп береді. Яғни тұрғындар артық ақша төлемейді. Айта кету керек, Балқаш қаласы бойынша әлі де 1200 отбасы пәтер кезегінде тұр.

Қабылғазы Жұмаділов, Балқаш қаласының тұрғыны:

– Біз бұл пәтерді көп күттік. Кең үш бөлмелі үйге Үкіметтің арқасында қолымыз жетіп отыр. Пәтер ұнады.

Саятбек Мусин, Балқаш қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

– Келесі жылы біз тағы несиелік 2 тұрғын үйдің құрылысын бастаймыз. Ол осы маңда орналасқан. Бұл жерде болашақта мектеп салынады. Балабақша бар.

Хабар 24 телеарнасы