424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысындағы инспектордың өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

  • 1795
  • UPD: 13:42, 21.01.2019

Арнайы операция нәтижесінде «Охотзоопром» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының инспекторы Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлын өлтірді деген үш күдікті қолға түсті.

Олар Қызылордада ұсталды. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.

Естеріңізге сала кетсек, 13 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданы аумағында рейд барысында инспектор Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницыкке браконьерлер шабуыл жасаған. 15 қаңтарда Ерлан Нұрғалиев ауруханада көз жұмды.

Алмас Садубаев, ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры:

–Бүгін полиция қызметкерлерінің арнайы жүргізген операциясы нәтижесінде «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының инспекторы Ерлан Нұрғалиевті қызметтік міндетін атқару кезінде өлтірген үш күдікті ұсталды. Олар Қызылорда қаласындағы жеке үйлердің біріне бой тасалаған. Қазіргі уақытта айғақтарды жинауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Үш күдікті де уақытша оқшаулау орнына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы