386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана-Павлодар тас жолы құрылысының жартысы аяқталды

  • 518
  • UPD: 14:12, 25.01.2019
Астана-Павлодар тас жолы құрылысының жартысы аяқталды

Астана-Павлодар тас жолының Ақмола облысы аумағындағы бөлігінің құрылысы толық аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы «ҚазАвтоЖолдың» Ақмола облыстық филиалы мәлімдеді. Жаңа жол әрқайсысы 3,75 метрлік 4 жолақтан тұрады. Жол бойында дәмхана, автотұрақ, мал өткелі сынды қажеттің барлығы қарастырылған. Ал қазір құрылыс жұмыстары Павлодар облысының аумағында жалғасуда. Жалпы, 450 шақырымға созылған Астана-Павлодар тасжолының 200 шақырымы Ақмола, қалған 250 шақырымы Павлодар облысының аумағынан өтеді. Келешекте аталған автомагистраль да ақылы болмақ. Ал оның қашан толық іске қосылары әлі нақты белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы