424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жануарлар дүниесін қорғау инспекторларының құқықтары қорғалуы тиіс

  • 2162
  • UPD: 14:17, 25.01.2019
Жануарлар дүниесін қорғау инспекторларының құқықтары қорғалуы тиіс ult.kz

Жануарлар дүниесін қорғау инспекторларына, қажет болған жағдайда, қаруды қолдануға рұқсат берілуі мүмкін.

Бұл туралы Сенат депутаты Мұхтар Жұмағазиев мәлімдеді. Оның айтуынша, жақын арада заңнамаға бірқатар түзетулер енгізу қажет. Осылайша сала қызметкерлерінің мәртебесін анықтау, материалдық-техникалық базаны жақсарту және жалақыны арттыру мәселесін көтеру көзделіп отыр. «Бүгінде браконьерлер Қызыл кітапқа енген жанураларды шетінен қырып, мүйізін, терісін заңсыз саудалап, пайда көруде», – дейді сенатор. Ендігі ретте заңға енгізілетін өзгерістер мұндай деректердің қатарын азайтпақ. Бұл бағытта Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі ауқымды жұмыстарды атқаруы тиіс деген пікірде Мұхтар Жұмағазиев. Сонымен қатар браконьерлерге қатысты жазаны да қатаңдатқан жөн.

Мұхтар Жұмағазиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Ауыл шаруашылығы берген ақпаратқа сүйенсек, соңғы 4 жылда 811 күдікті ұсталған екен. Соның 158 бас бостандығынан шектелген, 17 іс қозғалған. Ал 600 үстіндегі күдіктілер олардың істері сотқа жетпей, қысқартылған немесе айыппұлдар алып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы