418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қорғаныс министрлігінде сыбайлас жемқорлықтың қауіп-қатерлерін барынша азайту мәселелері талқыланды

  • 1485
  • UPD: 18:29, 26.01.2019
Қорғаныс министрлігінде сыбайлас жемқорлықтың қауіп-қатерлерін барынша азайту мәселелері талқыланды

ҚР Қорғаныс министрлігінде жергілікті әскери басқару органдарында сыбайлас жемқорлықтың қауіп-қатерлерін барынша азайту мәселелері талқыланды.

Астанада ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Әбілқайыр Сқақовтың төрағалық етуімен ҚР Қарулы күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуына бақылау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Кеңес барысында Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге практикалық көмек көрсету, олардың қызметтерінің тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлерін жою жоспары қаралды. Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының МУА полковник Ардақ Құқатов баяндама жасады.

Қорғаныс министрлігімен іске асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат аясында Алматы облысының ҚІД үлгісінде «Азаматтарға арналған әскери комиссариат» жобасы іске асырылатын болады. Оның мақсаты жергілікті әскери басқару органдарының қызметінде ішкі және сыртқы сыбайлас жемқорлық қатерлерін барынша азайту, барлық санаттағы азаматтарды әскери есепке алу мәселелерін цифрландыру, Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік қызметтер көрсетуі болып табылады. Жұмыс барысында Қорғаныс министрінің орынбасары кеңеске қатысушылардың оларға берілген тапсырмалардың орындалу маңыздылығына жіті мән берді. Себебі, аталмыш жобаның нәтижелері әрі қарай өзге де бөлімшелердің қызметін жетілдіру үшін пайдаланылады. Отырыс соңында ЖӘБО жүйесін қалпына келтіру, олардың қызметінің барлық бағыттарын қайта жүктеу бойынша ұсынымдар берілді. Қарулы Күштерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы толыққанды ақпаратпен Қорғаныс министрлігінің www.mod.gov.kz. сайтындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» бөлімінде танысуға болады.

Ақпарат көзі: ҚР ҚМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы