384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Қарулы күштері түлектерге әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесін жетілдіруде

  • 1200
  • UPD: 08:57, 01.02.2019

Жастар жылына орай еліміздің Қарулы күштері болашақ мектеп бітірушілерге арналған әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесін жетілдіру үстінде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның бірі - «Әскери білім» жобасы. Мақсат - қорғаныс саласына қажетті мамандар даярлау, жастарды отансүйгішттіккке баулу және Қарулы күштердің имиджін көтеру. Қорғаныс министрлігі жастарды әскери білім ордаларына тартуға ерекше мән беріп отыр. Өйткені әскери техника мен технологиялар да жыл сайын жаңғыртылып, даму үстінде ал оған заман талабына сай білікті маман қажет. Осыған байланысты бүкіл республика аумағындағы әскери оқу орындары атап айтқанда: «Жас ұлан», «Кадет корпусы», «Құрлық әскерлерінің әскери институы», «Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институы», «Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты» секілді еліміздің белді жоғары оқу орындарының өкілдері батыс облыстарға арнайы келіп түсіндіру шараларын өткізді. Мектеп бітірушілерге оқуға қалай түсуге болатындығы, қандай құжаттар талап етілетіндігі жөнінде түрлі кеңестер беріп, бейнероликтер көрсетілді. Қазіргі таңда атыраулық ондаған жас еліміздегі осындай оқу орындарында білім алып жатыр, олар да арнайы келіп, жастарды өз қатарына шақырды.

Әлібек Мұхамедияров, Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының курсанты:

- Жоғары бас қолбасшымыз айтқандай, осы «Жастар жылы» жастарға айтар тілегім - ЖОО түсе берсін және көптеген мамандар даярланып шыға берсін. Отанын сүйіп, қорғайтын азаматтарымыз біздің қазір мектеп бітіріп жатқан түлектеріміздің арасынан шығады деп ойлаймын және де осының арқасында біздің Қазақстанымыз биіктен көрінеді деген ойдамын.

Қуаныш Кеңесов, «Батыс» өңірлік әскери қолбасшылығы кадрлар қызметінің басшысы:

- Қазіргі таңда әскери қызмет ең тұрақты қызметтердің бірі. Әскери мамандар бізге өте қажет. Оның ішінде байланыс мамандығы, радиоэлектроникалық күрес дейміз, қазіргі жаңа-жаңа заманауи мамандықтар ашылып жатыр ғой, ал қазіргі Қарулы күштеріміз жаңа технологиямен қамтамасыз етілуде. Сол технологияларды басқаратын жас мамандар қажет, өте қажет бізге.

Хабар 24 телеарнасы