423,09 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында нан бағасы 5 теңгеге қымбаттады

  • 979
  • UPD: 23:38, 04.02.2019
Жамбыл облысында нан бағасы 5 теңгеге қымбаттады Stan.kz

Қазір жергілікті нарықта ас атасы 70 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде баспасөз жиынында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашев мәлімдеді. Былтыр қазан айында наубайхана қожайындары ұн бағасының көтерілгендігін айтып, «әлеуметтік нанды қымбаттатамыз» деп әкімдікке бірнеше рет хат жолдаған. Мәселенің анық-қанығына жету мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылып, нарыққа талдау жүргізілді. Осы уақыт аралығында қымбатшылыққа жол бермес үшін тұрақтандыру қоры 800 тоннадан астам ұнды наубайханаларға арзандатылған бағамен босатқан. Жіті зерттеу, зерделеу жұмыстарының нәтижесінде бірқатар мәселелер ескеріліп, нақты шешім шығарылды.

Берік Нығмашев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Соңғы ақпаратқа жүгітенетін болсақ, олар қазір 85-90 теңгеге ұн сатып алып отыр. Осы наубайханашылардың өздерінің экономикалық жағдайын төмендетпеу үшін, түгелімен нан болмай қалу салдарын алдын ала отырып, 10 теңгеге сұраған болатын. Біз түгел жұмыс тобымен отырып санаған болатынбыз. Сондықтан облыс әкімі тарапынан нақты шешім қабылданды. Яғни 5 теңгеге бүгіннен бастап нан бағасы көтерілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы