389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада мемқызметшілер мектептердің спорт залдарында жаттыға алады

  • 521
  • UPD: 23:29, 04.02.2019
Астанада мемқызметшілер мектептердің спорт залдарында жаттыға алады

Мемлекеттік қызметкерлер бұдан былай мектеп спорт залдарын тегін пайдалана алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша, қызметкерлердің саламатты өмір салтын қалыптастыруы  үшін Астана қаласы бойынша 78 мектептің спорттық алаңдары мен залдары ашық болады. Былтыр мемлекеттік қызметкерлердің 95% медициналық тексеруден өткен, нәтижесінде олардың көбісінде қан қысымы аурулары мен артық салмақтың барын анықталған. Қазір Астанада 3 жарым мыңнан астам мемлекеттік қызметкер бар. Тағы 190 жұмыс орны бос.

Жазира Жылқышиева, ҚР МҚІСЖҚА Астана қаласы бойынша департамент басшысы:

- Қазір өткізілетін әрбір мемлекеттік орган конкурстарына байқаушылар мен сарапшылар институты енгізілген. Айтатын болсақ, 2018 жылы 97% байқаушылар мен сарапшылар қатысқан. Меритократия қағидаты бойынша 597 (600-ге жуық) мемлекеттік қызметкер тағайындалды. Бұл жоғары лауазымдарға ішкі конкурс негізінде. 2017 жылмен салыстырғанда 22% артық.

Хабар 24 телеарнасы