389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісмендер Павлодар облысының тұрғындарымен кездесті

  • 750
  • UPD: 13:30, 06.02.2019

Олар Тереңкөл ауданының әлеуметтік-экономикалық ахуалымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Депутаттар халықты ауызсумен қамту мәселесімен танысты. Бұған дейін аудандағы су тарату бекетіндегі құрал-жабдықтардың ескіруі салдарынан кәсіпорын қажетті көлемдегі суды тазалай алмаған. Сондықтан жаз мезгілінде тіршілік көзі ауыл тұрғындарына кесте бойынша берілетін. Алайда бұл қиындық артта қалды. Өткен жылы стансаны қалпына келтіруге мемлекеттік бюджеттен 900 миллион теңге бөлінді. Нәтижесінде аудан орталығы таза суға қол жеткізді.

Гүлжан Қарағұсова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- Біріншіден, бұл Елбасының барлық тапсырмаларын орындауға қатысты белгілі бір ақпарат. Екіншіден, облыстық конференцияға одан ары съезге делегаттар ұсыну. Менің ойымша, онда бізге жаңа міндеттер жүктеледі. Съездің жаңа міндеттерінің бірі жаңа бағдарламаны жетілдіру болмақ.

Сергей Симонов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

- Менің ойымша, адамдар өз ісін кеңейтуге ұмтылуы тиіс. Біздің тарапымыздан қаржыландыруға көмек бар. Нәтиже көзге көрініп тұр. Аудан толықтай орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қосылған. Енді тұрғындарының саны аз шағын елді мекендер бар. Бұл мәселе әзірге ашық күйінде қалып отыр.

Хабар 24 телеарнасы