384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы әуежайында рейстер кешіктірілді

  • 463
  • UPD: 07:44, 07.02.2019
Алматы әуежайында рейстер кешіктірілді

Бұрқасын салдарынан Алматы Халықаралық әуежайына қонатын әуе рейстері тоқтатылып, бірқатарының ұшу уақыты кешікті. Стамбул, Пекин және Душанбеден келетін әуе қатынасы  тоқтатылды.

Оған қоса өзге қалалар мен халықаралық  5 рейс  және Алматыға келетін 14 ұшақтың келу уақыты кешіктірілді. Ұзын саны 28 рейс кешіккен. Көкке көтерілетін әуе кемелерінің уақыты 15 минуттан бір сағат қырық минутқа дейін кейінге шегерілді. Әуежай мамандарының мәліметінше, рейстердің кешігуіне ұшақтар қанатындағы мұз құрсауына қарсы жүргізілген жұмыстар себеп болған. Кейін барлық бағыттар бойынша ұшақтардың кестесі қалпына келтірілді.

Тілек Әбдірахымов, «Эйр Астана» әуе компаниясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері:

- Жолаушыларға басқа рейстерге тегін брондау жасаған. Және басқа қалалардың тұрғындарын қонақ үйде орналастырған. Рейстердің ұшу кестесі қалпына келіп жатыр. Әлі толық орындалмаған бір,екі рейстер бар шығар.

Хабар 24 телеарнасы