389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде Достық үйі мен «Қазақ тілі» қоғамы ерекше акция өткізді

  • 621
  • UPD: 12:13, 07.02.2019
Семейде Достық үйі мен «Қазақ тілі» қоғамы ерекше акция өткізді

Семейде қаладағы Достық үйі мен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп ерекше акция өткізді. Бір топ зиялы қауым өкілдері мен мәдениет қайраткерлері силикат шығаратын зауыт ұжымымен кездесіп қазақтың «Сыбаға» дәстүрі туралы кеңінен әңгімеледі. Бұл кәсіпорында 300-ден астам жұмысшы еңбек етеді. 20 жылдан бері қазақ тілін оқыту дәрістері жүйелі ұйымдастырылып келеді.

Қазір еңбеккерлер латын әліпбиін үйренуге де ден қойған. Зауыт жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Борис Адианов жиын соңында сыбаға ретінде 80 дана «Ана тілі» газетін өз ұжымы мен мектеп оқушыларына тегін жазып беруге шешім қабылдап, жұртты қуантып тастады.

Борис Адианов, зауыттың бас директоры:

- Құрметті қонақтарға мен рухани сыбаға ретінде осындай сыйлық жасауды жөн санадым. Өйткені бұл газет тек ақпарат құралы емес, қазақ тілі мен мәдениеті, тарихы туралы кең мәліметтер береді. Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласына осылайша үн қосу жас ұрпаққа да үлгі өнеге деп ойлаймын.

Орал Шәріпбай, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті: 

- Сыбаға дегеннің өзі үлкен азаматтарға, құдайы қонаққа арналған, құрметті адамдарға жасалатын қазақтың үлкен осындай дәстүрі екенін біз қазақ тілі арқылы, Ассамблея арқылы, Елбасы саясатын осы өзге ұлттарға сіңірсек дейміз. Енді осыны Қазақстан халқы Ассамблеясы, Достық Үйлері, 22 мәдени орталық өздерінің достық үйлерінде дамытады деген сенім бар, осыдан басқа да зауыттар үлгі алады деген ойымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы