385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көп балалы отбасылардың жағдайын барынша жақсарту керектігін түсінеміз – Ә.Смайылов

  • 778
  • UPD: 17:38, 11.02.2019

Көп балалы отбасыларды баспанамен қамту мәселесі Үкімет жанынан құрылған жұмыс тобында жеке қарастырылып жатыр. Мұны Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында қаржы министрі мәлімдеді.

Әлихан Смайылов көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақының жеткіліксіз екендігін де ашық айтты. Сол себепті жыл сайын өзгерістер енгізіліп отырады. 2021 жылға дейін әлеуметтік салаға бөлінетін қаражат 49,1 пайызға дейін артады. Министр осылай дейді.

Әлихан Смайылов, ҚР Қаржы министрі:

- Қысқа мерзімде тиісті ұсыныстар біздің тарапымыздан берілетін болады. Көп балалы отбасылардың жағдайларын барынша жақсарту керек екендігін түсінеміз. Сондықтан оларға көмек қолжетімді болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы