386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Юрий Ильин ТЖ мамандарын үйлеріне кіргізбейтін азаматтарға шағымданды

  • 345
  • UPD: 14:08, 12.02.2019
Юрий Ильин ТЖ мамандарын үйлеріне кіргізбейтін азаматтарға шағымданды inform.kz

Еліміз бойынша 13 мың жер үй иесі тексеруге келген өртке қарсы қызмет мамандарын баспаналарына кіргізбей қойған.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«5 баланың өліміне себеп болған Астанадағы қайғылы оқиғадан кейін ТЖК қызметкерлері жүргізетін рейдтік шаралар барынша өзекті болып отыр. Бүгінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес әрбір азамат жер учаскесін алғаннан кейін бөлінген сол жер аумағында үй салып алуына құқылы. Сейсмологиялық қауіпті аймақтарды қоспағанда үй жобасы ІІМ  Төтенше жағдайлар комитетін қоса алғанда ешқандай да мемлекеттік органдармен келісілмейді. Қазір жеке секторда орын алып отырған проблема мемлекеттік органдардың құзіретіне белгілі бір материалдарды ұсыну және тыйым салудың болмауынан туындауда», - деді ол.

Оның айтуынша, бүгінде Астана аумағында 22 мыңнан астам жеке тұрғын үй, 14 мыңға жуық саяжай учаскесі және тұрғын үй секторы аумағында салынған 7 мыңнан астам уақытша баспана бар. Бұл ретте Төтенше жағдайлар комитетінің уақытша баспана құрылыстарын тоқтатуға және оны пайдалануға тыйым салуға құзіреті жоқ. Соның салдарынан өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу орын алып жатады.

«Қызметкерлеріміз демалыс күндері ел бойынша 107 мың үй иеліктерін аралап шықты. 13 мыңнан астам жағдайда халық қызметкерлерімізді өз иеліктерінің аумағына кіргізуден бас тартты. Бұл бір жағынан азаматтардың Конституциялық құқығы. Дегенмен, олардың жасыратын бірдеңесі болған деп ойлаймыз. Рейдтік шараларға оң қарайтын да тұрғындар бар», - деді Юрий Ильин.

Хабар 24 телеарнасы