385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда жылжымалы жұмыспен қамту бекеті жұмысын бастады

  • 885
  • UPD: 22:47, 14.02.2019

Мамандар халық көп шоғырланған жерлерге барып, бос жұмыс орындарын ұсынады, кәсіп ашуға кеңес береді. Себебі қазір жұрттың басым бөлігі мемлекеттік бағдарламалардан бейхабар екен. Енді ақпан айының соңына дейін мұндай жылжымалы бекеттер облыстың барлық аудан, қалаларында іске қосылмақ.

Әйгерім Алтаева – жоғары білімді есепші. Алайда диплом алғанына 5 жыл болғанымен, әлі күнге мамандығы бойынша жұмыс таппаған. Қайда барса да, ең әуелі еңбек тәжірибесін сұрайды екен. Ендігі үміті жылжымалы бекетте. 

Әйгерім Алтаева, қала тұрғыны:

- Мен өз мамандығым бойынша жұмысқа тұрайын деп едім. Мамандығым есепші. Оқу бітіргеніме бірнеше жыл болды, тәжірибем жоқ. Енді жаңа мамандардан кеңес алып, бірнеше ваканция ұсынды. Енді соларға барып қарастырамын. 

Жылжымалы бекет әзірге тек Қарағанды қаласында жұмысын бастады. Түске дейін мұнда 100-ге жуық адам келіп, кеңес алған. Бұл жерде мамандар жұртқа бос жұмыс орындарын ұсынады. Қазір облыс бойынша түрлі мекемелерге 4 мыңнан астам жұмысшы қажет екен. Ал жеке кәсібін ашамын дегендерге мемлекеттен берілетін қолдаудың тетіктері түсіндіріледі.

Төлеу Мұхтар, Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

- Мобильді жұмысқа тұрғызу пунктінің жұмыс кестесі жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік желідегі аккаунтында жарияланып отырады. Біздің қала тұрғындары оның қай күні, қай жерде жұмыс істейтінін көріп отыруға болады. 

Бүгінде өңірде ресми тіркелген жұмыссыздар саны 4 мыңға жуық. Оларды жаппай еңбекпен қамту үшін жыл басында бірнеше орталық та ашылған болатын. Базарларда, теміржол вокзалында және сауда нүктелеріндегі 8 орталыққа екі айда 2 мыңға жуық адам жүгініпті.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы