389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да су тасқыны қаупіне байланысты дайындық жұмыстары жүргізілді

  • 808
  • UPD: 23:36, 14.02.2019
БҚО-да су тасқыны қаупіне байланысты дайындық жұмыстары жүргізілді

Батыс Қазақстан облысының аумағына биыл қар көп түсті. Ақ ұлпаның қалыңдығы әдеттегі нормадан үш есе артық. Осыған байланысты қазір аймақта қауырт дайындық жүріп жатыр. Ықтимал қауіптің алдын алуы тиіс 200 мотосорғы мен 50 шақты жүзу құралы дайын тұр.

Облыстың су басу қаупі көбірек солтүстік аудандарында құтқару жасақтары құрылып, эвакуциялық пункттер әзірленді. Қала іргесіндегі саяжай шаруашылықтарына қарасты аумақтарда 14 мыңдай адам тұрып жатыр. Егер  күн күрт жылынып, өзендер мінез көрсетсе, ең алдымен осы аумақтарға көмек керек. Сондықтан бірінші кезекте соларды қауіпсіз жерге көшіру мәселесі күн тәртбініде тұр. Аймақтағы барлық су қоймаларында мұз ою, автокөлік жолдарындағы су өткізуге арналған құбырларды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.          

Нұржан Шияп, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының директоры:

- Биыл қар жамылғысымен ылғал қоры былтырға қарағанда және нормаға қарағанда 2-3 есеге көп. «Қазгидрометтің» берген гидрологиялық басқармасының болжамы бойынша біздің облыстың өзендері, су қоймалары нормадан 50-ден 100 пайызға көп болып тұр. Сондықтан су тасқыны қаупі бар. 

Жасұлан Жұмашев, облыстық ТЖД бастығы:

- Облыстың бөлінгені 886 миллион теңге бар, ол апат болып жатса, су тасқыны кезінде халыққа демеу болу үшін ақша. 153 миллион теңге ол әзірлікке бөлінген ақша, ол облыстан бөлініп жатыр.  Қар дейтін ауылдарда көп, ауылдардың ішінде. Орал қаласы, Бәйтерек ауданы, Тасқала ауданы, сол үшін нақты тапсырма беру үшін сосын ауданджарға тоқталдық, сосын Қазталов ауданы.

Хабар 24 телеарнасы