378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда «Азаматтарға арналған үкімет» МК қызметшілері қан тапсырды

  • 590
  • UPD: 07:53, 16.02.2019
Оралда «Азаматтарға арналған үкімет» МК қызметшілері қан тапсырды

Оралда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» қызметкерлері «Қан тапсырып, үміт сыйла» қайырымдылық акциясына қатысты.

Облыстық қан орталығының дәрігерлері қызметкерлердің жұмыс үдерісіне кедергі келтірмеу мақсатында халыққа қызмет көрсету орталықтарына келді. Бұл күні 81 адам донор болуға ниет білдірген. «Қан тапсыру арқылы біз адамдарға өмір сүру мүмкіндігін сыйлаймыз» дейді дәрігерлер.

Ақкүміс Нұржанова, трансфузиолог дәрігер:

- Жылда бізде жоспар болады, шамамен 10 мың донордан қан аламыз. Обеспеченность бізде ақысыз, тегін болады. Бізде ақылы донорлық жоқ. Қан әр кезде керек болады, жыл бойына, бірінші проблема перинаталды орталық, сосын роддомдар. Солар шұғыл түрде тапсырыс береді. Соны біздер қабылдауымыз керек, қан жоқ деп айтпауымыз керек.

 Луиза Құсайынова,  мамандандырылған ХҚК бөлімінің басшысы:

- Әрқайсысы 350-400 милиграмм шамасында қан тапсырды, ол егер 32 литр қан, ол өте жақсы нәтиже осындай акция үшін өте маңызды. Жиналған қан ауыр науқастарды емдеуге жөнелтіледі. Біздер осындай шараға қатысқанымызға өте қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы