432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Fella Fashion Show»: Ақтауда жас дизайнерлер туындыларын ұсынды

  • 2509
«Fella Fashion Show»: Ақтауда жас дизайнерлер туындыларын ұсынды

Ақтауда алғаш рет Каспий маңы елдері жас дизайнерлерінің туындылары ұсынылған «Fella Fashion Show» көрмесі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәдени шарада сән үлгілерін әзірлеуді кәсіп еткен жеті талантты жастың есімі көпке таныстырылды. Олардың төртеуі жаһандық деңгейдегі сән үлгілері көрмесіне бірінші рет қатысып отыр. Қазақ, өзбек және Әзербайжан ұлтының дәстүрі мен бүгінгі талап-талғам үйлесімді ұштасқан сәндік киімдер көрермен көңілінен шықты. Айта кетейік, көрме жас дизайнерлердің өзара тәжірибе алмасуына жол ашты. Шара соңында көпшілік зергерлік бұйымдар мен сурет көрмесін тамашалады.

Ерлан Ерубаев, ұйымдастырушы:

– Грузия, Өзбекстан және Әзербайжан елінен қонақтар келіп жатыр. Аталмыш шара – біздің Жастар жылындағы Маңғыстауға деген сыйлығымыз.

Хабар 24 телеарнасы