388,28 427,67 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда пилоттық режимде e-visa жобасы іске қосылды

  • 706
  • UPD: 23:16, 19.02.2019

Енді әлемнің 128 елінің азаматтары елімізге кіру үшін электронды түрде рұқсат ала алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, бұл туризмді дамыту шараларының бірі ғана. Бұдан басқа ғарыш туризмін жетілдіруге ерекше ден қойылмақ. Әлемдік тәжірибеде бұл бағыт жоғары сұранысқа ие болып отыр. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында зымырандарды ұшыру сәтін көру үшін жылына жүз мыңнан миллионға дейін турист арнайы келеді. Сонымен қатар алдағы уақытта Бурабай және Шымбұлақ сынды табиғи кластерлерді дамыту жайы да назарда болады.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Шымбұлаққа күніне 4-5 мың адам келеді. Ал Шымбұлақтың бер жағында Табаған, Елікті сай деген керемет тау шаңғысы ашылып жатыр. Талғарда өте керемет шаңғы орталығы бар. Біз солардың барлығын біріктірсек, халыққа өте ыңғайлы болады. Бізде керемет мүмкіншіліктер бар. Бұл тек қана менің ойым емес, халықаралық орталықтардың мамандары келіп айтып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы