389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында көпбалалы отбасыға баспана берілді

  • 744
  • UPD: 23:13, 22.02.2019

Қостанай облысында кәсіпкер Таран ауданындағы көпбалалы отбасыға баспана сатып әперді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар бұған дейін ауыл сыртындағы ескі үйді паналап келген еді. Онда тіпті электр жарығы да тартылмаған. Ауызсуды бір жарым шақырым қашықтан таситын. Балалар сабаққа бару үшін күніне 3 шақырым жол жүретін. Ал төрт бөлмелі жаңа баспана ауылдың орталығына жақын. Автономды жылу желісімен қамтылған. Көпбалалыларды қолдауға арналған мұндай игі істер арнайы республикалық «Бақытты отбасы» жобасы аясында жүзеге асып жатыр. 

Андрей Михальцов, отағасы:

- Жергілікті әкімдікке үйге жарық тартып беруін өтініп барған едім. Олар келіп баспанамызды көрген соң, «бұл үйден сіздерді көшіреміз» деді. Сөйтіп бір аптаның ішінде осы үйді бізге рәсімдеп берді.

Жаңабай Бисембаев, «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

- Ауылдық елді мекендердегі 7 үйді көпбалалы отбасыларға жекешелендіріп беруге қам жасап жатырмыз. Сарыкөл ауданында және бір отбасыға баспана алып бермекпіз.

Хабар 24 телеарнасы