426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы №2 ауруханада дәрігерлер бірнеше бағытта жұмыс атқарады

  • 1355
  • UPD: 08:39, 25.02.2019

Астанадағы көп бейінді номері 2-аурухананың науқастарды ажалдан арашалап қалу мүмкіндігі мол. Таяуда ғана өмір мен өлім арасында жатқан ана да, құрсағындағы бала да құлан таза айығып шықты. Денсаулығы сыр берген әйелге ондаған дәрігер бір мезетте көмек көрсетіп, сауығып кетуіне сеп болды.

Әнел Жанболат өткен жылдың қыркүйегінде ауыр халде ауруханаға түсті. Дәрігерлер қойған диагноз - іріңді перитонит. Ішектері жарылып, несеп және өт жолдарына зақым келген. Сұйықтың қанға араласып кету қаупі ажалға әкелуі де мүмкін еді. Оның үстіне әйелдің құрсағында 6 айлық бала бар болатын.

Әнел Жанболат, емделуші:

- Экстренно операция жасалды. Бүкіл врач келіп, жан жағымда консилуим жасалды. Сосын лапараскопия жасау шешім қабылдады. Таңғы 2-де операцияға алды, сосын таңертең 9-да ояндым. Барлығы жақсы болды. Тез тұрып кеттім, бала аман қалды.

Ана мен баланың өміріне қауіп төнгенмен дәрігерлер тәуекелге барып, операцияны сәтті өткізді. Бір емес, бірнеше ақ халатты араласып, қос бірдей жанды ажал тырнағынан алып қалды. «Аурухананың көп бейінді болуының арқасында ісіміз оңға басты» дейді дәрігерлер.

Батыр Айтмолдин, хирург-дәрігер:

- Біздің больницамыз қосылғанына бір ай ғана болған сол кезде. Акушер-гинекологтар біздің гинекологтар бір сағатта шешімге келіп, ол кісіні операцияға алдық. Лапоротамия істегенде бірінші ішкі құрылыста толған іріңді көрдік, екіншіде ішегі айналып қалған. Сол кезде осы пайдасы болған.

Аураханада дәрігерлер бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді. Емдеу орны көп бейінді болғандықтан Әнел секілді науқастарға зор септігі тиіп отыр және бұл бір ғана мысал емес. Одан кейін де тағы бір жүкті келіншек жүрек-қан тамырлары дертімен ауруханаға түскен еді. Оның  да операциясы сәтті өтті.

Авторлары: Рауан Мыңбаев, Гүлнар Хасан, Ержан Қанапияұлы

Хабар 24 телеарнасы