429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараздағы жарылыстан зардап шеккендер уақытша баспанамен қамтылады

  • 1068
  • UPD: 15:40, 27.02.2019

Тараздағы жарылыстан қаза тапқандардың отбасына 1 млн теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы беріледі.

Сондай-ақ марқұмдарды жерлеу рәсіміне кеткен шығын жергілікті әкімдік тарапынан бөлінеді. Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар зардап шеккен үйдің тұрғындарын уақытша баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 13 ықшам аудандағы жаңа үйлерден 20 пәтер бөлінді. Бұдан бөлек Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек бастаған үкіметтік комиссия мүшелері ауруханада болып, зардап шеккендердің жағдайын білді.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:

- Бір күннің ішінде біз зерттеуді бітіріп, анықтаймыз. Осы үй жөндеуге жата ма, жатпай ма, әрі қарай түсінікті болады. Осы үйде осы кісілер тұратын бола ма, тұрмайды ма? Әкімшілік қазір қайтыс болған кісілердің отбасыларына көмек көрсетіп жатыр. Азаматтардың барлығы басқа жерге көшірілді. Көбі туыстары мен таныстарына кетті. Қалғаны жанымда тұрған мектепте. Күннің соңына дейін әкімшілік сол кісілерді дайын пәтерлерге көшіреді.

Хабар 24 телеарнасы