378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бұл мереке Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерін жақындата түседі

  • 219
  • UPD: 09:36, 01.03.2019
Бұл мереке Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерін жақындата түседі

Көктемнің алғашқы күні елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні.

Бұл күні Қазақстанда тұратын өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де, қонақжай қазақ халқына алғыстарын айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл күн - Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдері үшін тәубеге келетін, шүкіршілік айтып, мейірбандық танытатын күн. Себебі бір кездері біздің ата-бабаларымызды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға ризашылығымызды білдіреміз. Бізге осындай жағдай жасап, тілімізбен, дінімізді, салт-дәстүрімізді өркендетуге барлық мүмкіндікті қарастырып отырған бауырлас халыққа деген алғысымыз шексіз», - дейді Түркістан облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Фарит Аюпов. Оның айтуынша, бұл мереке Қазақстанда тұратын барлық ұлт пен ұлыс өкілдерін жақындата түседі. Татулығын арттырып, бірлігін бекемдейді.

Айта кеткен жөн, өткен ғасырдың 30-жылдары қазақ даласына түрлі желеумен 1 миллионнан астам түрлі ұлт өкілері жер аударылды. Кейін 50-жылдары тың игеру кезеңінде тағы да 1 млн 200 мыңдай адам көшіп келді.

Фарит Аюпов, облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы:

- Бәріңізге денсаулық, бақыт, шаттық тілеймін. Отбсыңыз аман, шаңырағыңыз биік болсын. Барлық этнос қазақтармен жақсы өмір сүріп жатырмыз. Татулық, дәстүр бәрі жақсы. Біз қонақжай қазақ халқына үлкен рахмет айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы