378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда шешен-ингуш мәдени бірлестігі қайырымдылық шарасын өткізді

  • 244
  • UPD: 09:48, 01.03.2019
Оралда шешен-ингуш мәдени бірлестігі қайырымдылық шарасын өткізді

Оралда шешен-ингуш мәдени бірлестігіне қарасты «Қазақ-вайнах достығы» қанатының өкілдері қайырымдылық шарасын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ізгі шара аясында туристік кешенде бас қосқан балалар асыр салып ойнап, қыс қызығына кенелді.

Айта кеткен жөн, қазіргі таңда Ақжайық өңірінде 600-ге жуық шешен ұлтының өкілі тұрып жатыр. Осыдан 75 жыл бұрын солақай саясаттың құрбаны болған халық талай нәубетті өткерді. «Сол бір қиын-қыстау кезеңде қазақ халқынан көрген жақсылықты ешқашан да ұмытпаймыз. Мұны шешен ұлтының кейінгі буыны да біле жүруі тиіс. Қайырымдылық шарасының да басты мақсаты осы», - дейді ұйымдастырушылар.

Абылайхан Демеуітов, оқушы:

- Мұнда өте қызық болды. Біз сырғанақ тептік, ойнадық, көп балалар келген соң олармен достастық. Сырғанақта сырғанадық.

Болат Душембаев, «Қазақ-вайнах достығы» клубының мүшесі:

- Шараның мақсаты - қазақ жерінде тұрып жатқан барша ұлт пен ұлыс өкілдерінің достығын нығайту. Осындай ізгі амалдар арқылы қазақ, шешен және өзге де ұлт өкілдері балаларының бір-бірімен жақынырақ танысып, достасуын көздейміз.

Хабар 24 телеарнасы