378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада мемлекеттік айыптаушылар форумы өтті

  • 214
  • UPD: 14:48, 01.03.2019
Астанада мемлекеттік айыптаушылар форумы өтті

Былтыр прокуратура актілері бойынша 2 мыңға жуық адамға қатысты сот шешімі өзгертілді және жойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 54% артық. Ал Бас прокурордың наразылығымен жоғарғы сотта 400-ден аса тұлғаға қатысты сот актісі түзетілді. Бұл жөнінде Астанада өтіп жатқан мемлекеттік айыптаушылар форумында белгілі болды. Еліміздің бас прокуроры Қайрат Қожамжаров сот төрелігінің жүзеге асыруда мемлекеттік айыптаушылар институтының рөлін ерекше атап өтті. Енді оны жетілдіру мақсатында Бас прокуратура академиясы сала мамандарын оқытудың жаңа бағдарламасын әзірлеп шығарған. Бұған қоса, форум аясында қатысушылар сот риторикасы бойынша тренингтер мен біліктілік арттыру курстарына қатысады.

Қайрат Қожамжаров, ҚР Бас прокуроры:

- Заңды әрі негізді айыпты қолдау - іс бойынша әділ шешімнің және адам құқын қорғауды басты кепілі. Сондықтан біз осы жылды аталған институттың деңгейін арттыруға арнап отырмыз. Бүгін алғаш рет өтетін мемлекеттік айыптаушылардың кеңейтілген отырысы кешенді шаралардың басы болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы