378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ашық есік күнін өткізді

  • 268
  • UPD: 20:03, 01.03.2019
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ашық есік күнін өткізді

Мемлекеттік қызметке орналасу үшін қандай талап қойылады? Сыбайлас жемқорлықтың жолын байлауда не істеліп жатыр? Осы сұрақтардың жауабы салаға жауапты агенттік ұйымдастырған ашық есік күнінде айтылды.

Игі шарға Республика бойынша ұзын ырғасы 1700-ден астам адам қатысты. Басым бөлігі студенттер мен жастар. Оларды мемлекеттік органдарда сұранысқа ие мамандықтардың тізімі, тест тапсыру ережелері қызықтырды. Сонымен қатар ұлттық бюроның жедел тергеу құрылымдарының жұмысы, сыбайлас жемқорлық туралы хабар таратқандарға берілетін сыйақы тағайындау тәртібі таныстырылды.

Думан Әбілов, ҚР МҚІСЖҚІА Мемлекеттік қызмет департаментінің басқарма басшысы:

- Бұл шара мемлекеттік орган мен халық арасындағы сенімді одан әрі нығайтуға септігін тигізді. Бұл агенттіктің ашықтық жолында жүргендігін тағы бір көрсетті. Алдағы уақытта ашық есік күндері тағы өткізілетін болады. Айта кететін еліміздің әрбір тұрғыны 1424 колл орталығы арқылы мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша кеңестер ала алады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық мәселелері туралы ақапарат бере алады.

Хабар 24 телеарнасы