378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алғыс айту күні Алматыда салтанатты түрде атап өтілді

  • 279
  • UPD: 23:36, 01.03.2019

Көктемнің алғашқы күніндегі Алғыс айту мерекесі Алматыда да салтанатты түрде атап өтілді. «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өткен шараға қала, аудан басшылары, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері мен республикалық және қалалық этномәдени бірлестік өкілдері қатысты.

Өткен ғасырдың 40 жылдары қазақ жерін паналаған өзге ұлт өкілдерінің бүгінгі ұрпақтары сол кездегі саясаттың суық желін қазақ елінің дархан пейілі ұмыттырды, дейді. Осы елде өсіп өнген олар, бүгінде бірлігі жарасқан мемлекетте тұрып жатқандарына алғыс айтты. Шара барысында Ассамблея жанындағы «Аналар кеңесі» қаладағы көпбалалы жанұяларға қаржылай сый-сияпат жасады.

Абдулхалил Долкунтай, ұйғыр мәдени орталығының мүшесі:

- Біздің ата-бабаларымыз 1961-1962 жылдары келген. Қазақстандағы көп ұлттың арасында өстік. Қазақ халқына үлкен рахметімізді айтамыз. Ол жерде бірлік болды. Сол бірліктің арқасында тірлігіміз жақсы болды.

Света Тәңірбергенова, көп балалы ана:

- Бүгін алғыс айту күнінде қаншама ұлт өкіледірінің бірігіп бас қосып, бір ту астында жиналып бәрі бір мемлекетте тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біз де үйімізде балаларға бірлікті ақылды болып, ынтымақты болып, жақсы тәрбиелеуге бар күшімізді саламыз.

Хабар 24 телеарнасы