378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеуде Байқоңырды жаңа қырынан тануға арналған фотокөрме ашылды

  • 227
  • UPD: 21:20, 02.03.2019

Байқоңырды жаңа қырынан көру. Мәскеудегі космонавтика мұражайында белгілі ирландиялық фотограф Эндрю Макконнельдың көрмесі ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Оралу» деп аталған бұл жобаның негізін Халықаралық ғарыш стансасы экипаждарының Қазақстан жеріне қонуы мен қарсы алу кезінде түсірілген фотосуреттер құраған. Макконнел - «Уорлд Пресс Фото» байқауының екі мәрте жеңімпазы және пресс-фотографтардың Ұлттық қауымдастығының 4 жүлдесінің иегері. Ол соңғы кезде Гана, Сирия және Газа аймағына арнайы барып, ондағы күрделі ахуалды сурет тілімен жеткізіп жүр. Фотокөрме наурыз айының соңына дейін жалғасады.

Эндрю Макконнел, фотограф:

- Ғарышкерлердің Байқоңырға қонатыны туралы талай естігенмін, сол себептен Қазақстанға барып, қазақ даласын өз көзіммен көргім келді. Ғарышкерлердің Жерге қонуын көрдім. Көп әсер қалдыратын бұл сәт тек ынтымақтастықтың арқасында ғана, әлемді сақтап қалуға болатынын еске салады. Сонымен қатар адамзат үшін ғарыштың маңыздылығын көрсеткім келді.

Геннадий Падалка, ғарышкер:

Мен Байқоңырды үнемі біржақты көретін едім. Ғарыш, космонавтика саласы, кемелер, зымырандар мен ұшырылымдар. Дегенмен, даланың аңқыған иісі есімде қалды, өйткені әдетте күзде Жерге қонатынмын. Алма дәмін де ұмытқан жоқпын.

Хабар 24 телеарнасы