375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде өз мүгедектігіне мойымаған ата-аналар зағип балаларын бағып отыр

  • 191
  • UPD: 15:27, 03.03.2019

Мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеу оңай шаруа емес. Ал ата-анасының да денсаулығында ақау болса, бұл өте қиын. Көкшетаудағы зағиптар қоғамы филиалының директоры Мәрия Тәңірбергенова осылай дейді. Оның айтуынша, аймақта 1200 зағип жан бар. Олардың ішінде балалар да бар. Тіпті отбасымен көзі көрмейтіндер де кездеседі. Сондықтан олар әлеуметтік жағынан қолдауға өте мұқтаж.

«Жәрдемақыны көтерумен қатар қоғам да оларға жатырқамай қараса» дейді мүмкіндігі шектеулі жандарды бейімдеу орталығының өкілі.

Мәрия Тәңірбергенова, облыстық зағиптар қоғамы филиалының директоры:

- Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамға бұрын 30 мың теңге жәрдемақы берілетін. Қазір нақты қанша екенін білмейді екенмін. Алайда 30 процентке көтеретін болса, бұл едәуір көмек болады. Мәселен, зағип баланы алсақ, оны кәдімгі мектепте оқыта алмайды. Үйден оқыту керек. Оның да өзіндік шығындары бар. Сондықтан жәрдемақы көбейсе өте жақсы болар еді.

Хабар 24 телеарнасы