378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық дизайнерлер арасында Altyn Oimaq байқауы жарияланды

  • 382
  • UPD: 17:46, 04.03.2019

Отандық дизайнерлер арасында Altyn Oimaq байқауы жарияланды.

Оның таныстырылымы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бірегей сайысқа еліміздің кез келген азаматы қатыса алады. Олар іскерлік киімнің үздік дизайны, спорттық және балалар киімі, үйге арналған тоқыма заттар, сондай-ақ ұлттық әшекейлердің дизайны аталымдары бойынша бақ сынайды. Жұмыстардың барлығында ұлттық ою-өрнектің белгілері болуы тиіс. Сонымен қатар спорт аяқ киімінің де үлгілері қабылданады. Байқауға қатысуға ниетті азаматтар бүгіннен бастап өтініштерін жолдай алады. Үш кезеңнен тұратын сайыс қорытындысы жылдың соңында белгілі болмақ, жеңімпаз дизайнерді марапаттау рәсімі 25 желтоқсанда жоспарланған.

Ләззат Рамазанова, «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары:

- Бұл байқаудың бастамасында алдымызға қойған мақсатымыз - Елбасы бірнеше рет тапсырма түрінде, бағдарлама түрінде белгіледі жеңіл өнеркәсіпті көтеру керек. Бүгінгі таңда жеңіл өнеркәсіптің қызмет етіп жүрген келіншектердің саны 90%. Altyn Oimaq құлағы қазаққа жағымды осы жалпыұлттық байқау барлықтарыңа қызықты болады деп сенімдіміз.

Хабар 24 телеарнасы