378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да мамандар мұздың көбесін сөгуге кірісті

  • 218
  • UPD: 19:51, 04.03.2019
ШҚО-да мамандар мұздың көбесін сөгуге кірісті

Шығыс Қазақстанда мамандар мұздың көбесін сөгуге кірісті. Алғашқы жарылысты тасқын қаупі жоғары Шемонайха ауданындағы Жоғарғы Уба өзенінде жасады.

Осылайша сең қозғалып, қатер біраз сейілді. Кейбір өзен-көлдер елді мекендерге тым жақын орналасқан екен. Сондықтан тұрғындардың қауіпсіздігі басты назарда болмақ. Енді Алтай, Бесқарағай, Күршім және Қатонқарағай аудандары мен Семей аймағындағы бірнеше өзенде осындай шаралар атқарылады.

Анастасия Скляр, облыстық ТЖД баспасөз хатшысы:

- Облыс бойынша 27 учаскеде мұз қалың. Атап айтсақ, Ертіс, Уба, Бұқтырма, Қалжыр және Күршім өзендерінде. Сондықтан осы аймақтарда міндетті түрде алдын алу шарасы ұйымдастырылады. Өйткені мұз кептелісі өзен ағысын тежеп, арнадан асырып жіберуі ықтимал.

Хабар 24 телеарнасы