375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Самұрық-Қазына» қоры әлеуметтік бағдарламаларды орындауға көмектеседі

  • 220
  • UPD: 22:44, 04.03.2019
«Самұрық-Қазына» қоры әлеуметтік бағдарламаларды орындауға көмектеседі

«Самұрық-Қазына» қоры Мемлекет басшысы жүктеген әлеуметтік бағдарламаларды орындауға көмектеседі. Бұл туралы Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы мәлімдеді.

Ахметжан Есімовтің айтуынша былтыр «Самұрық-Қазынаның» табысы 33 процентке ұлғайып, ел қазынасына 1 трлн теңге көлемінде пайда әкелді. Сондықтан қордағы қаражат Президент пәрменімен жүзеге асып жатқан  бағдарламаларды жетілдіруге жеткілікті екен. Биыл қор денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы жұмысты ширату үшін қомақты қаражат бөлуді жоспарлап отыр. Нақтырақ айтқанда, «Жас өркен» және «Цифрлық жаз» бағдарламаларының жүзеге асуына көмектеседі.

Ахметжан Есімов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы:

- Өткен жылы қордың табысын 33 процентке ұлғайтуға мүмкіндік алдық. Мемлекеттік бюджет түсімін 200 млрд  теңгеге арттырдық. Мемлекеттік бағдарламаларды орындаудан бөлек Президент жуырда жүзеге асыруды тапсырған әеуметтік жобаларды іске асыруға да жетеді. Сондықтан биыл біз әлеуметтік бағдарламалардың ауқымын кеңейтуді жоспарлап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы