378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-дағы кәсіпорын табиғи таза шұжықтың 30-дан астам түрін дайындайды

  • 214
  • UPD: 07:33, 05.03.2019
СҚО-дағы кәсіпорын табиғи таза шұжықтың 30-дан астам түрін дайындайды

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылында шығарылатын шұжықтар Астанада сатылады.

Қазір өндіруші мен супермаркет өкілдері арасында келіссөздер жүріп жатыр. Былтыр ғана ашылған ет өңдеу кәсіпорнының өнімдері жергілікті тұтынушының көңілінен шығып үлгерді. Енді ол көрші қалалардың нарығына түспек. Өндіріс орнында табиғи таза шұжықтың 30-дан астам түрі дайындалады. Бүгінгі таңда маркетологтар тауардың брендін қалыптастырып, оны барынша танымал етуге күш салып жатыр. Олардың айтуынша, супермаркеттер келісімшарт бойынша өнімді үстемақы қосып сатады.

Светлана Сущук, ет өңдеу кәсіпорны сауда бөлімінің бастығы:

- Бастапқыда біздің өнімді бәрі қымбат деді. Бірақ баға сапасына сай. Шұжықтарымыздың сақтау мерзімі 30-35-ақ күн. Бұл ірі супермаркеттерге ұнайды, ал шағын дүкендерге қызық емес. Оларға тез өтетін арзан өнім керек. Сондықтан ірі сауда үйлері өздері ұсыныс білдіреді. Олар үстінен пайда көріп отыр. Ешқандай шектеу жоқ.

Хабар 24 телеарнасы