375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мереке алдындағы гүл шоқтарының бағасы қанша?

  • 387
  • UPD: 11:18, 07.03.2019
Мереке алдындағы гүл шоқтарының бағасы қанша?

8 наурыз – қыз-келіншектер қуанышқа, ал гүл сатушылар пайдаға кенелетін күн.

Жыл сайын осы бір шуақты мерекенің қарсаңында гүл шоқтарының бағасы шарықтап кететінін білеміз. Ал биыл жағдай өзгерді ме? Мәселен, еліміздің Астанасында қызғалдақтың бір талы шамамен 500 теңге тұрады екен. Ал алып шаһар Алматыда 150 теңгеден басталады. Ақтөбедегі баға бұдан алшақ емес – 189 теңге. Аталған гүл Қарағандыда – 400, Өскеменде 500 теңгенің шамасында саудаланып жатыр. Ал қыз-келіншектердің сүйікті гүлдерінің бірі – раушанның бағасы – Алматыда 350, Астанада 400 теңгеден басталады. Өскеменде орташа баға – 700 теңте, ал Оралда тіпті қымбат, 1000 теңгенің шамасында. Қарағандыда 400 бен 650 теңгенің аралығында сатылып жатыр. Мейрамға әлі бір күн барын ескерсек, бұл көрсеткіштер әлі айтарлықтай өзгеруі ықтимал. Айта кетейік, елімізге ай сайын жалпы құны 2,5 миллион АҚШ доллары сомасына гүл жеткізіледі. Ал наурызда бұл сан екі еселенетін көрінеді.

Хабар 24 телеарнасы