378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемендік тұрғын үйінің жертөлесін гүлзарға айналдырды

  • 232
  • UPD: 11:20, 07.03.2019
Өскемендік тұрғын үйінің жертөлесін гүлзарға айналдырды

Жертөлені жарып шыққан қызғалдақ. Өскемендік Наталья Югай өз үйінің жертөлесіне қызғалдақ егіп, гүлзарға айналдырған.

Пысық келіншек енді осы ісінен аздаған табыс та көре бастапты. Гүл бизнесімен айналысқанына екі жыл болған Наталья күзде Голландиядан қызғалдақтың баданаларын алып, көктемге қарай оларды отырғыза бастайды екен. Үлкен жылыжай салуды әзірге қалтам көтермеді деген бағбан бүгінгі кәсібін місе тұтады. Қазір шағын бағында 3 мың түпке жуық өсімдік өсіп тұр. Қызғалдақтар көктем мерекесінде ерекше сұранысқа ие болады. «Еліміз осы бір әдемі гүлдің отаны бола тұра, оның шет жақтан тасымалдануы өкінішті», – дейді кәсіпкер келіншек.

Наталья Югай, қала тұрғыны:

– Голландиядан қызғалдақтың тек баданасын ғана емес, өзін де жеткізеді. Бірнеше шекара асып келген гүлдердің сапасына ұзақ жол әсер етпей қоймайды. Сондықтан олар үйдегі құмырада көп сақтауға жарамайды. Ал жаңа ғана жайқалып шыққан қызғалдақтар бірнеше күн бойы әдемілігін жоғалтпай, әр үйге әдемілік сыйлары сөзсіз.

Хабар 24 телеарнасы