388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау елді мекендерінде тұратын 425 әйел жеке кәсібін ашқан

  • 768
Маңғыстау елді мекендерінде тұратын 425 әйел жеке кәсібін ашқан

Маңғыстау облысында былтыр ауылда тұратын 425 әйел жеке кәсібін ашқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіпкер атанып, өздерін ғана емес, ауылдастарын да жұмыспен қамтыды. 216 жаңа жұмыс орны ашылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Сәуле Салихова айтты. Жалпы Маңғыстауда әйел кәсіпкерлердің саны жыл санап артып келеді. Аймақта 53 мың шағын және орта бизнес субъектісі тіркелсе, оның 23 мыңнан астамы әйелдердің еншісінде. Бұл жалпы кәсіпкерлердің 44 процентін құрайды.

Сәуле Салихова, «Атамекен» палатасы жанынан құрылған іскер әйелдер кеңесінің төрайымы:

– Аймақтағы іскер әйелдер кеңесі әсіресе ауылдағы қыз-келіншектерді бизнеске тарту үшін кешенді жұмыстар атқарды. Әр аудан, ауылға барып, түрлі тренингтер өткіздік. Кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. Жеке кәсіпті қалай бастауға болады, құжаттарды жинау, жерге, құрылыс жұмыстарына алынатын рұқсат қағаздарын рәсімдеу, қаржы көзін табу сынды бірқатар мәселелеріне көмек берілді. Нәтижесінде 500-ге жуық әйел жаңадан кәсіп бастады.

Хабар 24 телеарнасы