375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде сайт оқырмандарының санын анықтайтын жоба іске қосылды

  • 118
  • UPD: 17:49, 11.03.2019

Елімізде интернет порталдардың нақты оқырмандарының санын анықтайтын olshem.kz сайты іске қосылды.

Оның көмегімен жарияланған ақпараттың дерекөздерін білуге болады. Сондай-ақ бір тәулік ішінде немесе апта мен бір айдағы ең үздік жарияланымдарды анықтауға да мүмкіндік бар. Оқырмандармен де кері байланыс орнатылған. Қолданушылар порталдардың жұмысын салыстырып, 1 апта ішінде жасалған сараптаманы жүктей алады. Әзірге бұл жобаға 25 БАҚ қатысып отыр. «Хабар 24» арнасының сайты да сол тізімде.

Айта кетейік, жаңа ресурсты америкалық компания қаржыландырды.

Сәкен Балбаев, Қазақстан баспасөз клубының атқарушы директоры:

- Бұл жүйе әр ақпарат құралына, әр редакцияға өзінің аудиториясын өлшеп береді. Ал редакцияның оны қолдану-қолданбауы өз қолында.  Және жарнама берушілермен жұмыс істегенде, өзінің аудиториясын нақты көрсетіп береді. Көрсеткіштер өте көп.

Хабар 24 телеарнасы